Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 900 млн теңгеден астам өтемақы төленді

0
416

Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді.


Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 900 млн теңгеден астам өтемақы төленді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында біржолғы әлеуметтік төлемдердің барлығы төленді, деп жазады sputnik.kz.

"4 сәуірден бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктерге қаржылық көмек көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік төлем төлеу жұмыстары жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер келіп түскен өтінімдердің барлығын жан-жақты қарап, тиісті қаржыны өтініш иелеріне аударды.
"Облыстағы 2904 отбасыға 939 млн 223 мың теңге берілді", - делінген хабарламада.
Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді.