28 шілде күні кешке Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды.
Фото: Instagram / info_khromtau_aqtobe_04
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жол апатынан Дөң тау-кен байыту комбинатының үш қызметкері қаза тапты, деп жазады ulysmedia.kz.
28 шілде күні кешке Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан жұмыс ауысымына бара жатқан Дөң тау-кен байыту комбинатының үш қызметкері қаза тапты.
Қаза тапқан қызметкерлер жеке жеңіл көлікпен Ақтөбе қаласынан Хромтауға қарай жұмыс ауысымына бара жатқан. Жолда олардың Audi автокөлігі «ГАЗельмен» соқтығысқан. Жеңіл көліктегі үш адамның барлығы алған жарақаттарынан көз жұмған.
– Жол-көлік оқиғасы Самара – Шымкент автожолында болған. Audi жүргізушісі мен жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге бара жатқан жолда көз жұмды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
«Қазхром» АҚ халықаралық Eurasian Resources Group (ERG) тау-кен металлургия тобының құрамына кіреді.


