Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен.
Фото: instagram/ military_police_kz
ERNUR.KZ. Өскемен қаласында мерзімді әскери қызметте жүріп қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп жазады inform.kz.
— Мерзімді әскери қызметші А. Е. Мархан облыс орталығынан 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен, — делінген ақпаратта.
Тексеру барысында әскери қызметші командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді.
Еске салайық, осыған дейін 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында Өскемендегі № 27943 әскери бөлімінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте тұрған әскери қызметші қойма аумағынан өз бетінше белгісіз бағытқа кетіп қалғаны хабарланған.


