Ақтөбеде арзан пәтермен халықты алдаған ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері сотталды

0
651

Күдікті сот процессі басталғаннан-ақ кінәсін толық мойындаған.


Ақтөбеде арзан пәтермен халықты алдаған ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 50-ге жуық тұрғынға мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтер алып беремін деп алдаған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері сотталды. Енді Гүлайым Нұрмұқанова алты жыл өмірін түрмеде өткізетін болды, деп хабарлайды ktk.kz.

Ол сот процессі басталғаннан-ақ кінәсін толық мойындаған. Бірақ жәбірленушілерден алған ақшаны қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекеноваға «жеткізіп отырдым» деп ақталуға тырысты. Сондықтан Дүйсекенова да бір жыл бойы тергеліп, сотта айыпталушы ретінде жауап берді. Бірақ шенеунік, керсінше басты айыпталушының алаяқ екенін айтып «талай рет полицияға арыздандым» деуден танбады. Арзан пәтерден дәмелі болған 50-ге жуық тұрғын сотталушыға ең азы 400 мыңнан жеті жарым миллион теңгеге дейін ұстатқан. Енді оны алты жылға жаза арқалаған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері өтеуі тиіс. Ал қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысын судья ақтап шықты. Оны жазалауға «еш дәлел жоқ» деп отыр. Бір жыл бойы қызметтен қол үзген Дүйсекенова бұрынғы қызметіне қайтып бара ма, жоқ па, оны әлі ойланып отыр.

- Оны уақыт көрсетеді. Мен дәл қазір мынаны істеймін деп сізге айта алмаймын. Міндетті түрде бірінші денсаулығымды, анамның денсаулығымен айналысамын, - дейді Жанаргүл Дүйсекенова.