Ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған газ құрылғысы қоғамдық тамақтану орнында орналасқан.
фото: Акимат Астаны
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында қоғамдық тамақтану орнында газ жарылды, деп жазады sputnik.kz.
Аймақтағы төтенше жағдайлар департаментінің газ құрылғысы ыстық сумен қамтамасыз ету үшін қолданылғанын хабарлады.
"19 қаңтарда сағат 17:45 шамасында Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы Жұбанов көшесінде жеке орналасқан қоғамдық тамақтану орнында ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын газ құрылғысы жарылды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан шамамен 80 шаршы метр аумақтағы ғимараттың құрылымы опырылып құлады.
Оқиға салдарынан шамамен 80 шаршы метр аумақтағы ғимараттың құрылымы опырылып құлады.
Төтенше жағдайдың себебі мен мән-жайы тексеріліп жатыр, дейді департтаменттегілер.
Ақтөбе денсаулық сақтау басқармасының оқиғадан бес адам зардап шеккенін хабарлады.
"Хромтау аудандық ауруханасына әртүрлі дәрежедегі күйік алған бес науқас түсті. Бір науқас жансақтау бөлімінде, ал төртеуі жарақат бөлімінде жатыр. Жағдай бақылауда, толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - дейді басқармада.


