Ақтөбеде ірі қарадан қандай ауру шыққаны анықталды

0
690

Ақтөбеде Алға және Хромтау ауданарында малдан ауру шықты. Ірі қараның ауыз қуысы іріп, шөп жемей қалды.


Ақтөбеде ірі қарадан қандай ауру шыққаны анықталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Хромтау ауданында ірі қарадан инфекциялық ринотрахеит анықталды. Бұл туралы зертханалық тексеруден соң белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген сынаманың қорытындысы шықты. Ірі қара арасында анықталғаны инфекциялық ринотрахеит болып шықты.

«Ірі қара арасында анықталған аурудан соң ауыл әкімінің шектеу қою туралы шешімі шықты. Яғни осы ауылға мал кіргізуге болмайды, мал шығарылмайды. Бұл 30 күндік шектеу. Сонымен қатар мал түгел егіледі. Қораның бәрі дезинфекцияланады. Айта кетейін, тексеру мүйізді ірі қараның қан сарысуы серологиялық, иммуноферментттік талдауы әдістерімен жүргізіледі. Барлығы онан астам мал ауырды»,- деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанадбаев.

Еске салсақ, Ақтөбеде Алға және Хромтау ауданарында малдан ауру шықты. Ірі қараның ауыз қуысы іріп, шөп жемей қалды.