Баланы сүңгуірлер іздеді. сағат 19:05-те баланың денесі табылды.
ERNUR.KZ. 2 маусым күні Ақтөбеде кешкі уақытта "Айболит" бау-бақша қоғамында бала суға батып кетті, деп жазады Stan.kz.
Ақтөбе облысы ТЖД ақпараты бойынша, сағат 18:26-да "112" операторына бала қарауынсыз қалып, ойнап жүріп, суға құлағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Баланы сүңгуірлер іздеді. сағат 19:05-те баланың денесі табылды.
Бұл – аймақтағы үшінші жағдай. 27 мамырда Ырғыз өзенінде шомылып жүріп, екі бала суға батып кеткен.