Бала суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған.
ERNUR.KZ. Елек өзеніне барған 15 жастағы бала суға кетіп қалды. Құтқару қызметіне сағат 18-55-те хабарлама түскен. Мектеп оқушысының денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен алып шықты. Жағадан 50 метр қашықтықтан тапқан, деп жазады inbusiness.kz.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, бала суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағындағы өзен-көлдерде 8 адам суға кетіп қайтыс болды.Оның арасында бесеуі - бала.
Ақтөбеде судағы демалыс орындары жұмысын 1 маусымда бастады. 67 нысанның 44-і - коммуналдық.