Жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақатын алған 2 курс студенті жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауырханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
Бүгін сағат 10:00-де Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақатын алған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ колледжінің 2 курс студенті жеткізілді.
«Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университтінің 2 курс студенті ұсталды. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, 5 ақпан күні студенттер арасында төбелес болды. Оқиға Қ.Жұбанов университетінің жатақханасының маңында тіркелген. Пышақ жарақатын алған студентке ота жасалып, ауруханада ем қабылдап жатыр.