Ақылы жолға қарызы барлардың көлігі тіркеуге алынбауы мүмкін

0
365

Жол-көлік саласында бірқатар жаңашылдықтар енгізілмек.


Ақылы жолға қарызы барлардың көлігі тіркеуге алынбауы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жол-көлік саласындағы заңнамаға ұсынылып отырған бірқатар жаңашылдықтарды атады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, жол саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша да бірқатар ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Нақтырақ айтсақ:

жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығы енгізілді;
ақылы жолдар бойынша берешегі бар көліктерді қарызды өндіріп алу үшін тіркеуден бас тарту.

Бұған қоса, берешегі бар шетелдік көліктерді айыппұл тұрағына қамау мен елден шығармау тетігі пысықталған:

ауыр жүк көліктеріне шамадан тыс жүк тиегені үшін автоматтандырылған жүйе арқылы айыппұл салу мәселесі шешімін тапты;

ақылы жолдармен жүру ақысын уақтылы төлемегені үшін айыппұлды автоматтандыру процесі пысықталуда;

жобаларды уақытылы бастауды қамтамасыз ету үшін карьерлерді рәсімдеу тәртібін жеңілдету қарастырылып жатыр.

Министр аталған өзгерістерді жедел енгізу елдегі жолдардың жай-күйін жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартатынын айтады.