Алакөлде адамдар мінген дельтаплан суға құлады

0
705


Алакөлде адамдар мінген дельтаплан суға құлады

ERNUR.KZ. 25 шілдеде Жетісу облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері дельтапланмен суға құлаған екі адамды құтқарып қалды, деп жазады Zakon.kz.



"Жетісу облысында Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен бірге суға құлаған 2 адамды құтқарды", - деді, Төтенше жағдайлар министрлігі.




Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді.

Қаза тапқандар жоқ.