Алаяқтар енді Ұлттық қордың атынан фейк таратып жатыр

0
1 883

Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады.


Алаяқтар енді Ұлттық қордың атынан фейк таратып жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде өтемақы туралы ақпарат тағы тарады. Енді алаяқтар Ұлттық қордың атынан әрекет етіп жатыр. Бұл жарияланым – фейк, оған сенудің қажеті жоқ, деп жазады inform.kz.

Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған.

Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген.

Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс.

Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдаланады.

ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ.

Төлемдер бойынша барлық ақпарат Үкімет пен Ұлттық банктің порталдарында жарияланады.

Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы жайында хабарланған жоқ.

Соңғы кездері мемлекеттік органдардың атынан осындай хабарландырулар танымал әлеуметтік желілерде жиі жарияланып жатыр.

Олардың жалған екенін Stopfake.kz ескерткен болатын.