2027 жылғы талапкерлерге ерекше ескерту жасалды.
Ulysmedia.kz коллажы
ERNUR.KZ. Қазақстанда болашақ талапкерлерге ҰБТ төңірегінде пайда болған жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертілді. Әлеуметтік желілерде белгісіз адамдар түлектің орнына тест тапсырып береміз немесе тапсырмалардың дұрыс жауаптарын алдын ала сатып береміз деп жарнама таратып жүр, деп жазады Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Ұлттық тестілеу орталығы мұндай уәделердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. ҰБТ тапсыратын әр адамға тесттің жеке нұсқасы беріледі. Бұған қоса, жүйе сырттан араласудан қорғалған.
Орталық өкілдері «ҰБТ-ны басқа адамның орнына тапсырып береміз» немесе дұрыс жауаптарды алдын ала береміз деген кез келген ұсынысты алаяқтық деп қабылдау керегін атап өтті.
2027 жылғы талапкерлерге ерекше ескерту жасалды
Ұлттық тестілеу орталығы болашақ түлектерді бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және «100 пайыз нәтиже» деген уәдеге сенбеуге шақырды. Талапкерлерге тестке өз бетінше дайындалып, күмәнді жолдарға ақша жұмсамау ұсынылды.
Бұған дейін, 25 шілде мен 5 тамыз аралығында, Қазақстанда ақылы оқуға түсу үшін тамыздағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылданған.


