Алдағы демалыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста — 40 градус аптап

0
652


Алдағы демалыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста — 40 градус аптап

ERNUR.KZ. Қазгидромет синоптиктері 6-8 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп жазады kaz.inform.kz.

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Күн жаңбырлы болады.

Қолайсыз ауа райына Новосібір аймағынан келе жатқан циклон себеп болады. Оның ықпалымен елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +20+28°C, оңтүстік-шығыста +25+33°C арасында сақталады.

Алайда республиканың батысы мен оңтүстігінде +33+40°С градус аптап ыстық бар.