​Алдағы күндері жаңбыр жауады

0
3 081

Оңтүстікте жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ.


​Алдағы күндері жаңбыр жауады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 2018 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz. "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік аймағынан атмсофералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Республика территориясы арқылы осы циклонның батыстан шығысқа жылжуы кезінде қар, оңтүстікте жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі", - делінген хабарламада.

Күндізгі температура оңтүстік және оңтүстік-шығыста плюс 3-13 градусқа дейін, солтүстік және шығыс облыстарда минус 3-13 градусқа дейін жоғарылайды. Мамандардың айтуынша бұл климаттық нормадан 2-4 градусқа жоғары.