Алдағы күндері Жерде магниттік дауыл әсері күшейеді

0
89

Қазақстандықтарға алдағы күндері болатын магниттік дауылдар әсері туралы ескерту жасалды.


Алдағы күндері Жерде магниттік дауыл әсері күшейеді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ғалымдар алдын ала дайындалып, денсаулыққа көбірек көңіл бөлуге кеңес береді, деп жазады inform.kz.

Магниттік дауыл қашан күшейеді?

Ресей ғылымдар академиясының ҒЗИ Күн астрономиясы зертханасы және Күн-Жер физикасы институты болжамына сәйкес, магниттік өрістің ең жоғары белсенділігі мына уақытта байқалады:

  • 9 желтоқсанда күндіз;
  • 10 желтоқасанға қараған түнде;
  • 10 желтоқсанда күндіз.

XRAS.ru деректеріне сүйенсек, ертең Алматыда деңгейі G2.7 болатын магниттік дауыл болуы мүмкін, болжамның ықтималдығы -

Скриншот: сайт xras.ru

Магниттік дауыл несімен қауіпті?

Инфаркт пен инсульт қаупі артады

Олег және Дарья Гайсенок, Сергей Богачёв жүргізген зерттеуде геомагниттік дауылдар инфаркт, жедел коронарлық синдром және инсульт қаупін күшейтетіні айтылған. Ғалымдардың айтуынша, магниттік ауытқулар ағзаның маңызды көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді: биоритм бұзылады, жүрек соғысы өзгеруі мүмкін, қан қысымы жоғарылайды және ұсақ тамырлардағы қан айналымы нашарлайды.

Бас ауруы мен әлсіздік

David Hyde және Ben Davidson зерттеулері күн белсенділігі жоғары күндері адамдар әлсіздік, бас ауруы және енжарлыққа жиі шағымданатынын көрсеткен. Мамандар мұны вегетативті жүйке жүйесіне түсетін әсермен байланыстырады.

Қалай қорғану керек?

  • Қан қысымы мен жүрек соғысын бақылап жүріңіз, әсіресе жүрек-қан тамыр ауруы бар адамдар.
  • Күшті магниттік белсенділік кезінде күйзелістен барынша аулақ болыңыз.
  • Көбірек демалып, тыныш ортада уақыт өткізіңіз.
  • Дәрігер тағайындаған профилактикалық препараттарды қабылдауды ұмытпаңыз.