Алексей Цой Дүниежүзілік банктің Қазақстанға бөлген қаражаттың қайда кеткенін айтты

0
2 200

Дүниежүзлік банктің бағдарламасы бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске 21,8 миллион доллар (9,3 миллиард теңге) бөлінді.


Алексей Цой Дүниежүзілік банктің Қазақстанға бөлген қаражаттың қайда кеткенін айтты

ERNUR.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік банктен алынған қарыздың қайда жұмсалғанын айтып берді, деп жазады Stan.kz.

"Дүниежүзлік банктің бағдарламасы бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске 21,8 миллион доллар (9,3 миллиард теңге) бөлінді. Бағдарламаның көп бейінді екенін айта кету керек. Бұл ақша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту, қызметін сапасын көтеру, кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, жоба басқару және коммуникациялық стратегиялардың мониторингіне жұмсалды. Айтылған қаражат тек коронавирус пандемиясымен күреске бағытталды. Ал Дүниежүзілік банк бөлген қаражаттың қалған бөлігі басқа институциялық реформаларға арналды. Бұған қоса, біздің ведомствоға бөлінген қаражаттың бір бөлігі осы жылға жоспарланды", - деді Цой.