Әлемдік Rolex компаниясы қазақстандық кәсіпкерді сотта жеңіп шықты

0
831

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.


Әлемдік Rolex компаниясы қазақстандық кәсіпкерді сотта жеңіп шықты

ERNUR.KZ. Астанада қазақстандық кәсіпкердің тауар белгісіне қатысты дауына байланысты сот шешімі шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Соттың хабарлауынша, іс 2023 жылы 19 маусымда Қазақстан азаматы осы белгіні тіркеген кезде басталды. Дегенмен, 2023 жылдың 4 қыркүйегінде Rolex SA бұл сауда белгісінің олардың әйгілі COSMOGRAPH белгісіне тым ұқсас екенін айтып, шағымданды.

«2024 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесі «С» белгісін жоюдан бас тартты. Бірақ Rolex SA Астана қаласының әкімшілік сотында шығарылған шешімге қатысты шағымын жеткізді. Сот Rolex-тің дәлелдерімен келісіп, «С» сауда белгісі COSMOGRAPH сөзінің бөлігі ретінде түсіндірілуі және тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкін екенін айтты», - делінген хабарламада.

Сот әлеуметтік желілерде және Google-да «C сағатын сатып алу» туралы іздеу нәтижесі бойынша зерттеу жүргізді. Сол кезде Rolex өнімдері жиі пайда болған. Сонымен қатар осы іске қатысты арнайы шақырылған маман «С» белгілері арасындағы ұқсастық дәрежесін бағалады. Мұнан соң сот бұл тауар белгіні ұқсас деп таныды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.