Әлеуметтік азық-түлік бағасы бір жылда 0,6% арзандаған

0
306

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.


Әлеуметтік азық-түлік бағасы бір жылда 0,6% арзандаған

ERNUR.KZ. Ұлттық статбюро мәліметіне сенсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі осы бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 0,6% төмендеген, деп жазады kaz.inform.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кей тауарлардың орташа бағасы:

Күріш — 491 тг/кг
Қырыққабат — 128 тг/кг
Пияз — 116 тг/кг