Әлеуметтік желіде онлайн құмар ойынын ұйымдастырғандар сотталды

0
126

Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады.


Әлеуметтік желіде онлайн құмар ойынын ұйымдастырғандар сотталды

фото:Sputnik / Нина Зотина

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп жазады sputnik.kz.
Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды. Азаматтар ойынға қатысу үшін ақшаны банк қосымшалары арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған.
Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады.
"Сот үкімімен екі адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған. Бұл – интернет кеңістігінде белсенді жастардың құмар ойындарына тартылу қаупін арттырып отыр.