Бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған тік ұшып-қонатын электрлі әуе көлігі аспанға көтеріледі.
фото: baq.kz.
ERNUR.KZ. 24 шілдеде Астана қаласында алғаш рет аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтеді. «Қазанат» ипподромында тік ұшып-қонатын AutoFlight Prosperity әуе кемесі (eVTOL) көкке көтеріледі, деп жазады baq.kz.
Бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған тік ұшып-қонатын электрлі әуе көлігі (eVTOL) AutoFlight Prosperity көкке көтеріледі. Ол сағатына 200 км-ге дейін жылдамдықпен ұшып, 200 км-ге дейінгі қашықтықты еңсере алады.
Бұл ұшу Қазақстандағы eVTOL демонстрациялары сериясының жалғасы болмақ. Мұндай аппараттардың алғашқы сыналған ұшулары 2026 жылдың мамыр айында Алатауда өткен болатын, – деп атап өтті Alatau City қалалық аэротакси жобасының баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Қазақстанда қалалық әуе мобильділігін дамыту үшін құқықтық база дайындалып қойған.
Заңнамалық деңгейде eVTOL, вертипорттар мен ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесінің мәртебесі айқындалып, сертификаттау мен цифрлық инфрақұрылымға қойылатын талаптар белгіленді.
Еске салайық, бұған дейін Alatau City-де аэротакси сыналған болатын. Сол кезде 2028 жылға дейін 6 вертипорт салынатыны хабарланды.


