​Әлихан Смайылов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын сынға алды

0
102

​Іс жүзінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар басқа функциялармен айналысып келеді.


​Әлихан Смайылов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын сынға алды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

ERNUR.KZ. Бұл туралы кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне жүргізілетін аудит бойынша есепті жариялау кезінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inform.kz.

— Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тоқталсақ, олар өңірлік даму институттары ретінде құрылған. Корпорациялар мемлекет пен бизнес арасындағы байланыстырушы буын, өңірлік деңгейде приоритетті жобаларды іске асыру құралы болады деп болжанды. Алайда іс жүзінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар басқа функциялармен айналысып келеді. Бұған орталық мемлекеттік орган тарапынан жүйелі үйлестіру мен стратегиялық басқарудың болмауы себеп болды, — деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол бүгінде корпорацияларда нақты мақсат, қызметтің бірыңғай бағдарлары және дамудың түсінікті моделі айқындалмағанын атап өтті.
— Корпорациялар кәсіпкерлерді негізінен жеңілдікпен кредит беру арқылы қолдап жатыр. Аудиторларда осыған қатысты сұрақ бар. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қаржы ұйымдары емес. Қызметтің бұл түрі олардың жарғысында көзделмеген және қолданыстағы заңнамада регламенттелмеген. Іс жүзінде корпорацияларды уәкілетті реттеуші орган қадағаламайды. Бұндай тәсіл бәсекелестік ортаны шектеп қана қоймай, тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырмайды. Мемлекеттік активтердің әжептәуір берілуіне және тұрақты қаржылық қолдауға қарамастан, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың көпшілігі қызметін шығынмен жүзеге асырып жатыр, — деді ЖАП басшысы.