Әліпби жасаймыз деп тілді бүлдіруге болмайды – ғалым

0
941

Ғалым Таңат Аяпова әліпбиді үйрету әдістемелеріне тоқталды.


Әліпби жасаймыз деп тілді бүлдіруге болмайды – ғалым

ERNUR.KZ. Елордада "Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе" тақырыбында республикалық конференция өтіп жатыр, деп жазады baq.kz.

Өтіп жатқан жиында баяндама жасаған филология ғылымдарының докторы Таңат Аяпова эліпби жасаймыз деп тілді бүлдіруге болмайды дейді.

"Латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиін үйренудің әдістемелік бағыттары" тақырыбында баяндама жасаған ғалым әліпбиді үйрету әдістемелеріне тоқталды.
Тілде халықтың бүкіл өмірі берілген. Олай болса латын әліпбиіне ауысамыз деп, ұлттың тіліне қиянат жасауға болмайды. Ата-бабамыз "ң" деп қолданды ма, демек біз соны сол қалпы қолдануымыз керек. Ағылшын тіліне, не басқа тілдің ыңғайына бейімделіп, ата-бабамыздан мұраға қалған тілді бүлдіруге болмайды, - дейді Таңат Аяпова.
Естеріңізге сала кетейік, елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп "Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе" тақырыбында республикалық конференция өтіп жатыр.