Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақ үйінің иесін сотқа берді

0
332

Қонақ үй басшылығы субұрқақты рұқсатсыз қайта жөндеуден өткізген.


Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақ үйінің иесін сотқа берді

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақ үйінің иесін сотқа берді, деп azattyq-ruhy.kz.

Қонақ үй басшылығы субұрқақты рұқсатсыз қайта жөндеуден өткізген.

«Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты Алматы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған байланысты объект аумағында қандай да бір құрылыс немесе реконструкциялау жүргізу үшін меншік иесіне тиісті ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін негіздеу қажет болды. Алайда бұл орындалмады,ғимараттың иесі басқармаға жүгінбеді», – деп жауап берді қала әкімдігі.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 316-бап, (Объектiлердi және олардың кешендерін жобалау құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау құжаттамасы бойынша салу), 1-бөлігі (Объектiлердi және олардың кешендерін, жобалау құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау құжаттамасы бойынша салу) және 321-бап (Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру) бойынша шаралар қабылданды.

Бүгінде басқарма ұйғарымды мәжбүрлеп орындауға сотқа талап-арыз береді.