Алматы әкімдігі опырылған тасжол түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

0
714

Видеодан асфальттың опырылғаны көрінеді.


Алматы әкімдігі опырылған тасжол түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде опырылған тасжол түсірілген видео тарады. Алматы әкімдігі бұл оқиғаның Алатау ауданында болғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео Kozachkov offside Telegram-каналында жарияланды. Видеодан асфальттың опырылғаны көрінеді.

Алматы әкімдігінің өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді.

"2020 жылдың 24 қыркүйегінде Алатау ауданының 13-ықшамауданында (Алғабас) диаметрі 160 миллиметр су құбыры желісі жарылды. Кепілдік міндеттемелер шеңберінде "АлматыИнжстрой" ЖШС мердігерлік ұйымымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сумен жабдықтау шамамен сағат 17.40-та жаңартылды.
25 қыркүйекте іргелес жатқан аумақтың іргетасы қабаттап тығыздалып, бұзылған телімдерге асфальт төселіп, абаттандырылды. Оның жарылу орны (12 шаршы метр) асфальт төсеу технологиясын сақтай отырып, осы жылдың 28 қыркүйегіне дейін қалпына келтіріледі", - деді әкімдіктегілер.