Алматы әкімдігі тағы бір тұрғын үй кешенінен пәтер алуға болмайтынын атады

0
469

Меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алған жоқ.


Алматы әкімдігі тағы бір тұрғын үй кешенінен пәтер алуға болмайтынын атады

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі тұрғын үй кешендерінің тізімі толықтырылғанын айтты. Оның қатарына Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша интернет-ресурстарда DEMEU Residence ТК-де, құрылыс салушы – Demeu Development-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланды, деп жазады baq.kz.

Алайда, меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алған жоқ. Сонымен қатар, Горный Гигант уч.192 өндірістік кооперативінде орналасқан жер учаскесінің мақсатты бағыты жеке қосалқы шаруашылық жүргізу болып табылады. Учаскеде құрылыс жүргізілмейді, алайда хабарландыруға сәйкес тұрғын үй кешенін ағымдағы жылдың IV тоқсанында тапсыру жоспарлануда, - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарын абай болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жедел желісінің +7 (727) 229-81-36 нөмірі бойынша салынып жатқан ТК құжаттардың толық пакетін тексеруге шақырамыз.