Алматыда бейтаныс әйелге тиіскен шетел азаматы ұсталды: ол елден шығарылуы мүмкін

0
122

Оқиға Алматыдағы Терренкур аллеясында болған.


Алматыда бейтаныс әйелге тиіскен шетел азаматы ұсталды: ол елден шығарылуы мүмкін

Фото: қалалық Полиция департаменті

ERNUR.KZ. Алматының демалыс орнында бейтаныс әйелге әдепсіз әрекет жасаған шетелдік азамат ұсталды. Сот шешімімен ол әкімшілік қамауға алынып, елден шығарылуы мүмкін, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға Алматыдағы танымал Терренкур аллеясында болған. Шетелдік турист бейтаныс әйелдің бөксесінен ұстап, тиіскен. Белгілі болғандай, ол Қазақстанға осы оқиғадан бір күн бұрын ғана келген.

Жәбірленушінің шағымынан кейін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, құқық бұзушыны ұстады.

Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар полиция шетел азаматының Қазақстан аумағында одан әрі болу заңдылығын қарау үшін материалдарды сотқа жолдады.

«Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың құқығына қол сұғатын кез келген әрекетке заң аясында қатаң баға беріледі», – деп ескертеді құқық қорғау органдары.