​Алматы әуежайында Түркиядан жалған құжатпен ұшып келген әйел ұсталды

0
1 201

Тексеру барысында шекарашылар оның өзбекстандық екендігін анықтады.


​Алматы әуежайында Түркиядан жалған құжатпен ұшып келген әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында Ресейдің жалған төлқұжатын ұсынған әйел ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар «Ыстамбұл-Алматы» бағытымен ұшып келген ТК-350 әуе рейсін ресімдеу барысында, тексеруге қолдан түзетілген төлқұжат ұсынған әйелді ұстады. Өте шеберлікпен түзетілген төлқұжаттың жалған екендігін арнайы аппарат анықтамағанда, жай көзбен танып-білу мүмкін емес еді», - делінген хабарламада.

Төлқұжат бойынша, ұсталған Ресей азаматшасы болатын. Алайда, тексеру барысында шекарашылар оның өзбекстандық екендігін анықтады. Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік шекара туралы» заңының 19- бабы 10-тармағына сәйкес, ұсталған әйел азаматтығы бойынша өз еліне депортацияланды.