Оның нәтижелеріне сәйкес, құқықтық баға берілетін болады.
Фото: коллаж inbusiness.kz
ERNUR.KZ. Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында қызды кепілге алған ер адамды ұстауға қатысқан қызметкерлер бойынша түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Полиция қызметкерлері Алматы әуежайының өкілдерімен бірге оқиға орнындағы жағдайды жедел шешті. Шабуыл жасаған ер адам қызметкерге агрессия көрсеткенін ескере отырып, олар әуежай терминалында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы алгоритмге сәйкес әрекет етті", - деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.