Алматы аумағында жер сілкінді

0
1 456

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.


Алматы аумағында жер сілкінді

ERNUR.KZ. 11 қыркүйек күні "СОMЭ" сейсмикалық стансалар желісі Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады zakon.kz.

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 07:54-те болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8.
  • Магнитудасы – MPV 4.4.
  • Тереңдігі – 5 км.
  • Сезілгені туралы ақпарат болған жоқ.

11 қыркүйекте сағат 10:00-де Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Қала әкімдігі сейсмикалық дайындықты бастамас бұрын апат чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге алдын ала эвакуациялау жолын анықтауды ұсынды.