Алматы — Бішкек жолында қолына орақ ұстап алған "кемпір" жүргізушілерді таңғалдырды

0
2 253

Алматы-Бішкек көшесінде 49 адам қайтыс болып, 280 адам жарақаттанған. ​


Алматы — Бішкек жолында қолына орақ ұстап алған

ERNUR.KZ. Алматы — Бішкек жолында жүргізушілер қолына орақ ұстап алған "кемпірді" көрді, деп жазады stan.kz.

Компания осы тәсіл арқылы жүргізушілерге жолда қауіпсіздікті сақтау керектігін айтқысы келген.Жол полиция қызметкерлері қолдарына жылдамдықты азайтуды білдіретін белгілерді ұстап алып, Алматы-Бішкек жолының бойына қатармен тұрған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның басты мақсаты — жолда болатын авариялардың салдары өлім санының қарқынды өсуіне алып келетінін көрсету, жүргізушінің мәдениетін арттыру.


Жүргізуші жол ережесін менсінбесе, бей-жайлық танытқан жағдайда ең қайғылы оқиғалар орын алады. Ол осыны ұмытпауы тиіс.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Алматы-Бішкек көшесінде 2018 жылы 171 ЖКО орын алған. 49 адам қайтыс болып, 280 адам жарақаттанған.