Бұл қаражат бақты бағып қағуға, күтім жұмыстарына жұмсалады.
ERNUR.KZ. Алматыда бірнеше жылға созылған реконстуркциялық жұмыстардан соң Ботаникалық бақ қайта ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл жұмыстарға 15 млн АҚШ доллары жұмсалған. Қазір бақтың үш жағынан кіруге болады.
Демалыс орны тек 15-21 маусым аралығында таңғы 10:00-23:00 барлық келушілер үшін тегін болмақ. Одан кейін прайс парақтағы бағаға сай кіру ақылы болады.
- Ересектерге – 500 тг,
- Студенттер мен зейнеткерлерге - 300тг
- Мектеп оқушыларына – 500 тг
- Экскурсовод жалдау - 1000 тг
- Студенттер мен зейнеткерлерге экскурсовод жалдау – 500тг
- Кино, видео, фото түсірілім – сағатына 5000 тг
- Фотоаппаратқа түсу сағатына - 3000 тг
- 1 адамға үйлену тойына келу – 1000 тг
- Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, 5 жасқа дейінгі балаларға – тегін.
Ботаникалық бақ әкімшілігі фото және видео түсірілім коммерциялық, кәсіби фотоаппаратқа түсірілген жағдайда төленетінін ескертті.
«Телефон камерасына, смартфонға, коммерциялық емес мақсатта түсірілген суреттерге ақы алынбайды», - деді әкімшіліктен.
Тойға келген қалыңдық пен күйеу жігіт қана 1000 теңгеден төлесе, олармен еріп келгендер 500 теңгеден ғана төлейді.
Бұл қаражат бақты бағып қағуға, күтім жұмыстарына жұмсалады.
Реконстуркция жұмыстарына дейін ботаникалық бақ тарифтері екі есеге арзан болған.
Еске сала кетсек, Ботаникалық бақтың қалай өзгергені туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапарында Ботаникалық бақты қайта құрудың нәтижелерімен танысты .