Полицейлер Алматы-Дели әуе рейсінен ішімдікке масайған Үндістанның екі азаматын түсіріп тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
иллюстрациялық фото: armeniasputnik
Полицейлер Алматы-Дели әуе рейсінен ішімдікке масайған Үндістанның екі азаматын түсіріп тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД-нің келтірген мәліметінше, ұшақ бортында екі жолаушының тәртіп бұзғандығы туралы хабарлама түскен. Олар Үндістанның екі азаматы болып шыққан.
Ішімдікке масайған үнділік екі азамат өздерін дөрекі ұстап, былапыт сөздер айтқан. Ескерутге де құлақ аспаған.
Көлік полициясы қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін оларды ұшақтан түсіріп алды.
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, тәртіп бұзғандардың алкогольді ішімдік ішкендігі және орта дәрежеде мас болғандығы анықталды. Үнді азаматтарына ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабы 1 тармағы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) айып тағылып, әрқайсысына 5 АЕК (12025 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.