АЛМАТЫ: Кеген ауданының Саты ауылында сел жүрді

0
636

Нөсерлеткен жауын кеше кешкі сағат 07:00-де басталған


АЛМАТЫ: Кеген ауданының Саты ауылында сел жүрді

Алматы облысындағы Кеген ауданына қарасты Саты ауылдық округінде бұршақ аралас жаңбырдан 25 үйдің ауласын су басты, деп жазады 24.kz.

Нөсерлеткен жауын кеше кешкі сағат 07:00-де басталып, жарты сағаттың ішінде ауылдың ішін көлге айналдырды. Елді мекенде төтенше жағдай жарияланып, құтқару бөлімінің мамандары тұрғындардың көмегімен су сору жұмыстарын жүргізді.

Ертай Нұрмаханов, Кеген ауданы әкімінің орынбасары:

- Тұрғын үйлерге келтірілген зиян мөлшерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ кеше жауынның мол түсуінен Жалаңаш-Саты-Көлсай автожолының біраз бөлігін су шайған. "Қазавтожол" қызметкерлері бүгін таңғы сағат 5 кезінде тас жолда көлік қозғалысын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді.