Алматы маңындағы демалыс орнында белгісіз біреулер оқ атты

0
828

Белгісіз адамдар оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен.


Алматы маңындағы демалыс орнында белгісіз біреулер оқ атты

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомстводағылардың айтуынша, 31 қазанда сағат 15.50-де Іле ауданының кезекші бөліміне "Поляна" демалыс орнында атыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орнына жеткенде сағат 15.00-ге қарай медициналық маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келгені және сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалғаны анықталады. Содан соң олар оқ атқан.

"К.Н. Кузнецовтың ішіне оқ тиген (резеңке оқ), сондай-ақ демалыс орнының қызметкерлері 1980 жылы туған М.С. Слямовқа (сол аяғына), 1994 жылы туған Я.А. Помазковқа (оң аяғына) оқ тиген. М. Слямов және Я. Помазков Алматы қаласындағы № 4 ауруханаға жеткізілді", - деді полициядағылар.

Белгісіз адамдар оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.

"Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнанан 2 - 9 мм, 2 - 5,45 мм болатын 4 оқсауыт, резеңке оқ табылды", - деп қосты ведомстводағылар.