Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларына айыппұл салынды

0
857

Нұр-Сұлтан әуежайы 2,2 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.


Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларына айыппұл салынды
ERNUR.KZ. Карантин талаптарын сақтамағаны үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына айыппұл салынды, деп жазады zakon.kz.

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны" үшін әкімшілік жаза қолданылғанын айтты. Әуежай 2,2 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

- Бұған елорда әуежайындағы шектеу карантиндік шаралардың сақталмауы себеп болды: жолаушылардың келуі және кетуі үшін бөлек дәліздер ұйымдастырылмаған, ұшуға тіркелу және отыру кезінде жолаушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталмаған, терминалдарда дезинфекциялық төсеніштер орнатылмаған, автобус жүргізушілерінің қолғаптары, кейбірінде маскалар да болмаған, делінген хабарламада.

Алматы әуежайына да қысқартылған жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты осындай бап бойынша айыппұл салынды.
Scat авиакомпаниясына отырғызу кезінде жолаушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтамалғаны және персоналды ауысым алдында медициналық тексеруден өткізбегені үшін осы бап бойынша айыппұл салынды.
Эйр Астанаға билет сату кассасында қорғаныс қоршауының жоқтығы, оның ішінде персоналдың ауысым алдында медициналық тексеруден өтпегені үшін айыппұл салынды.
Жолаушыларға ақпарат беру үшін, коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында елорда әуежайының үш терминалында 15 стационарлық дене қызуын өлшегіш кешені орнатылды: Т1 ғимарат (халықаралық), Т2 ғимарат (ішкі) және «Северный» ғимараты.
Дене қызуын өлшегіш камералары белгілі бір қашықтықта орнатылып, адамдардың температурасын өлшейді, келушілерге және кетіп бара жатқан жолаушыларға қолайсыздық тудырмайды.

Қысқартылған жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайына Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 1600 АЕК айыппұл салынды.