Бермуд астанасы - Гамильтон - 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.
ERNUR.KZ. Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүруге ең қымбат қалалар тізіміне енді, деп жазады Tengrinews.kz.
Зерттеу нәтижелері Numbeo сервисі сайтында жарияланған. Рейтингке 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы алынған.
Бермуд астанасы - Гамильтон - 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.
Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында - Базель (Швейцария), үшінші орында - Цюрих. Сондай-ақ, ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген.
Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475 орындарды иеленді.