Алматы мен Ыстықкөл арасын жалғайтын жаңа бағыт ашылды

0
138

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша балама жол ұйымдастырылғанын мәлімдеді.


Алматы мен Ыстықкөл арасын жалғайтын жаңа бағыт ашылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда Ыстықкөлге баратын балама жол ашылды, деп жазады baq.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қарасу – Масанчи – Сортөбе автомобиль жолының учаскесінде, сондай-ақ Бішкек қаласының айналма жолындағы жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша балама жол ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Бұл бағыт республикалық маңызы бар автомобиль жолымен Қарасу елді мекенінен Өтеген батыр кентіне дейін, одан кейін жергілікті маңызы бар автожолдар арқылы "Ауқатты" немесе "Сортөбе" өткізу пункттеріне дейін барады.

Аталған пункттердің өткізу қабілеттілігі тәулігіне 2000 көлікке дейін жетеді. Бұл жөндеу жұмыстары кезінде автокөліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.