ERNUR.KZ. «Метрополитен» МКК директоры қызметіне Айдын Оразханов тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.
Жаңа тағайындау туралы Алматы қалалық Мобильділік басқармасы 2 қазанда бұйрық шығарды.
Айдын Оразханов Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының магистратурасын бітірген.
Ол бұған дейін де 2014-2016 жылдары метроны басқарған болатын.
Айдын Оразханов 1974 жылы 3 қазанда туған. Еңбек жолын метро құрылысында 3 разрядты қызметкер болып бастаған.
Одан кейін «№2 Тоннель жасағының» тау шебері болған. Тау жұмыстары бойынша инженер, эксплуатациялық құрал шаруашылығы бөлімінің инженері, 2007-2010 жылдары салынып жатқан Метрополитеннің жолдар мен тоннельдік құрылғылар қызметінің басшысы, 2010-2014 жылдары сол қызметтің бас инженері, 2014-2016 жылдары метрополитен директоры болған.