Алматы облысы прокуратурасында өзін өртеуге оқталған ананың видеосы тарады (видео)

0
250

Ол 7 айдан бері ұлының жазықсыз тергеу изоляторында отырғанын айтты.


Алматы облысы прокуратурасында өзін өртеуге оқталған ананың видеосы тарады (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысы прокуратурасы ғимаратының залында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеода әйел өзін өртеу үшін үстіне бензин құйып жіберді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеода прокуратура қызметкерлері мен үш әйел көрінеді. Әйелдердің басты наразылығы – тергеу изоляторына қамалған ұлын шығару. Болжам бойынша, видеодағы үш әйел – қамауда отырған ер адамның анасы, жұбайы және әжесі.

«Менің ұлым 8 ай (тергеу изоляторында) отыр. Біздің талабымызды «есту» үшін не істеуіміз керек?» - деді ер адамның анасы прокуратура қызметкерлеріне.

Бейнежазбада әйелдердің облыстық прокурормен кездесуге келгені, алайда прокурордың орнына орынбасары жіберілгені жазылған.

«Б. А. Адамовты бір сағат күттік, алайда, оның орынбасары Дамир Катаев келді, оның қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ. Бізді кеңседен қуып жіберді, содан кейін біз Адамовты тағы бір сағат күттік. Біз өзімізге бензин құя бастағаннан кейін ғана олар әрекет ете бастады», - деді әйелдер.

Видеода қамауға алынған ер адамның анасы облыстық прокуратура ғимаратының фойесінде қолында бензин конистрімен тұрып, оны өзіне құйғанын көруге болады. Екінші әйел оған оттықты қосып, өзін жағып жіберуге «көмектескен». Олардың бұл әрекетіне сол жерде тұрған белгісіз ер адам кедергі келтіріп, аман алып қалды.

Әйелдер бұл істі көпшілікке жария еткісі келеді. Сөздерінше, бірнеше ай бойы Алматы облысының прокурорынан жауап ала алмаған.

«Алматы облысының прокуроры Б.А. Адамовқа кіру мүмкін емес. Ол жұмыс орнына әйел өзіне бензин құйып жіберген соң ғана келді. Б.А. Адамов та, оның орынбасары да қылмыстық іс бойынша ешқандай мәліметті білмейді», - делінген роликтің хабарламасында.

Әйелдер мемлекеттен оларды «тыңдауды» сұрайды. Ал қамалған ер адамның есірткі қылмысы бойынша ұсталғаны белгілі болды.

«Қылмыстық істі қатаң бақылауға алуды сұраймыз. Адамды 7 айдан астам уақыт бойы заңсыз қамауда ұстап отыр. Бізде әділдік бар ма? Біздің елде есірткі сатушылар өте көп, неге олар қамауға алынбайды? Оларды басқаратын шенеуніктер неге жазасыз? Жазықсыздарды қамауға неге аласыз?»,- делінген хабарламада.