Алматы облысында 10 жастағы қыз қолын темірге қысып алды

0
425

10 жастағы қыз абайсызда қолын көлік пен тіркеме арасындағы темір байланысқа қойған.


Алматы облысында 10 жастағы қыз қолын темірге қысып алды

ERNUR.KZ. ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері 10 жастағы қыздың қолын құтқарды, деп жазады zakon.kz.

Жазатайым оқиға 10 шілде күні түстен кейін Қарасай ауданындағы Көксай ауылында болған. 10 жастағы қыз абайсызда қолын көлік пен тіркеме арасындағы темір байланысқа қойған.

Саусақ қысылып қалып, бірден ісе бастаған.

ТЖМ құтқарушылары арнайы кескіш құралдардың көмегімен қыздың саусағын шығарып алды.