Алматы облысында 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кетті

0
522

Кәмелетке толмаған балаға 35-40 жастағы бір топ адам шабуыл жасаған.


Алматы облысында 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кетті. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Шамалған ауылының тумасы 30 маусымда "Восточная сказка" отбасылық демалыс аймағында даяршы болып жұмыс істеген. Кәмелетке толмаған балаға 35-40 жастағы бір топ адам шабуыл жасаған.

Алматы облысы полиция департаменті оқиғаның Қарасай ауданында болғанын айтты.

"30 маусымда Қарасай ауданы учаскелік полиция бөліміне Алматы-Жандосов автомобиль жолының 31-шақырымында орналасқан "Восточная сказка" демалыс аумағындағы төбелес кезінде 2004 жылғы кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімнің құрсақ қуысына пышақ сұғылып, терең жарақат алғаны жайлы хабарлама түсті. Жігітке үш жерінен пышақ сұғылыпты.Нәтижесінде ол Қаскелең аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - деді баспасөз-қызметіндегілер.

Сонымен қатар ведомстводағылар дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

"Қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір істі жан-жақты қарастыру үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді полиция өкілдері.