Алматы облысында 2 адам тез тұтанатын сұйықтық буымен уланып қалды

0
745

Автожанармай құю станциясының аумағында отыз тонналық бос сыйымдылықты тазалау кезінде 50 және 34 жастағы екі ер адам тез тұтанатын сұйықтық буымен уланып қалған.


Алматы облысында 2 адам тез тұтанатын сұйықтық буымен уланып қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында тез тұтанатын сұйықтық буымен уланған екі ер адам құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні түскі сағат 12:47-де Райымбек ауданы Нарынқол ауылынан бір шақырым жерде 2008 жылдан бері жұмыс істемейтін автожанармай құю станциясының аумағында отыз тонналық бос сыйымдылықты тазалау кезінде 50 және 34 жастағы екі ер адам тез тұтанатын сұйықтық буымен уланып қалған.

« Оқиға орнына келген Алматы облысы ТЖД қызметкерлері арнайы тыныс алу аппараттармен сыйымдылыққа түсіп, ер адамдарды арқанының көмегімен сыртқа шығарды. Екеуі да дереу Райымбек ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар жансақтау бөлімінде, орташа ауыр жағдайда жатыр»,- деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазіргі уақытта екі адамның да жағдайы тұрақты.