Алматы облысында 2 оқушы жоғалып кетті

0
639

Дәл қазіргі уақытта екі оқушы туралы еш мәлімет жоқ.


Алматы облысында 2 оқушы жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында екі оқушы жоғалып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Жоғалып кеткен жасөспірімдердің бірі Шарипоглы Даниель– Қонаев қаласының тұрғыны. 5 желтоқсан күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Ал 9 жасар Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен. Айша арық денелі, шашы қара. Қызғылт күртеше, мектеп белдемшесін, қара етік және көк қалпақ киген. Қызыл түсті рюкзагы бар.
Дәл қазіргі уақытта екі оқушы туралы еш мәлімет жоқ.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 11 айда 231 бала жоғалып, 222-сі қайта табылған. Ал 9 бала сол күйі із-түзсіз жоғалған.