Алматы облысында 5-ші және 9-шы сынып оқушылары бір кабинетте білім алуға мәжбүр

0
1 061

Ата-аналар наразылыққа шықты.


Алматы облысында 5-ші және 9-шы сынып оқушылары бір кабинетте білім алуға мәжбүр

ERNUR.KZ. Алматы облысында бесінші және тоғызыншы сыныпта оқитын оқушылар бір кабинетте білім алып жүр. Арасын шкафпен бөліп қойып, екі мұғалім сабақ беретін сыныптың бірі математика, екіншісі информатиканы оқи береді екен, деп жазады Stan.kz.

Бұл жағдайға бей-жай қарай алмаған ата-аналар наразылыққа шықты.

“Телевидение келеді дегесін автобусты әдейілеп тоқтатып отыр. Саяжайға түстен кейін оқитын балаларға сабақ болмайды деді. Солярка жоқ деп өтіріктерін айтып отыр”, – дейді тұрғын Рабиға Көшмағамбетова.

Алматы облысы, Іле ауданы аумағында орналасқан Мерей саяжайы тұрғындарының мектеп мәселесін көтеріп жүргеніне көп болған. "Мектеп керек" деп 800-дей баланың ата-анасының бармаған жері, ашпаған есігі қалмапты. Соңғы күндері "бір оқушының аяғы сыныпты, қыздар төбелесіпті" деген ақпарат тарағалы алаң көңілдері күшейген.

“Ең басты мәселе – автобус. Төрт автобус бар, төртеуінің тәртібі керек. Шулап, соғылып келеді”, – дейді тағы бір тұрғын Бексұлу Қалжанова.

Саяжайдың топ баласы Екпенді ауылындағы осы №2 мектепке келеді. 464 балаға арналған мектепте 1200-дей оқушы оқиды. Сыныпқа сыймағаны жас ерекшелігіне қарамастан, бір бөлмеде бірі, яғни тоғызыншы сынып басқа пән, үшінші сынып басқа пәндерін оқып отыра береді екен.

Дене қызуын өлшейтін заманауи құрылғыдан бастап, музыкалық орталық, телевизор, компьютерге дейін бар, ескі дивандардың өзін өз күшімізбен жаңалап алдық деп мектебін таныстырған білім мекемесінің басшысы, 19 кабинетті ортасынан бөлетін материалға демеуші іздеп жатырмыз. Екі сыныптың балалары бір кабинетте отырып, бір-бірін естімейтіндей, кедергі келтірмейтіндей бір тәсілмен оқытамыз деді.

“Кіріктірілген сабақ болады. 153 түрі бар. Мына оқушылар ана оқушыларға кедергі келтірмеу мақсатында істейміз. Осыны проблема қылып, сонда менің міндетім қайда, менің жауапкершілігім қайда, мәселеден шығуға іс әрекет жасауым керек”, – дейді №2 мектеп директорының міндетін атқарушы Жақсыгүл Еңсепова.

Мектеп басшысы, ешқандай оқушымыз жарақат алған жоқ, қыздар төбелескен жоқ, ал, автобусқа таңертеңгі уақытта 25 оқушы отырып, емін-еркін келеді деді. Ал та

Іле ауданының әкімдігі болса, осы саяжайға жақын Шабыт ықшам ауданында 1500 орындық мектеп келер жылы пайдалануға беріледі. Ал, оқушыларды тасымалдау жұмысын ұйымдастыру үшін жыл басынан 3 рет конкурс жариялағанымызбен, жеңімпаз анықталмады, деп жауап берді.

Айта кету керек, жеңімпазы табылмай жатқан конкурс бойынша автобус жүргізушісінің айлығы 45 мың теңге.