Алматы облысында асыранды балаларды ұрып соққан қамқоршыға қатысты тексеріс басталды

0
503

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аталған отбасы 4 баланы қамқорлығына алған.


Алматы облысында асыранды балаларды ұрып соққан қамқоршыға қатысты тексеріс басталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіле асыранды балаларды ұрып соққан қамқоршыға қатысты видео тарады. Бұл жайтқа Алматы облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазір балалар Іле ауданының Түймебаев ауылындағы «Солнышко» балалар үйіне орналастырылды. Балалардың тұрақты мекен-жайы анықталғанша, сол жерде болады. Балаларға қатігездік жасалған іс бойынша материал Іле ауданының прокуратурасына, кәмелетке толмаған балалардың құқығы бойынша комиссияға жолданды», - делінген Алматы облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде балаларды белгісіз әйел мен ер адамның қатыгездік көрсетіп жатқан видеосы тараған болатын. Анықталғандай, балаларды ұрып-соққан адам ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың асыраушысы екені анықталды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аталған отбасы 4 баланы қамқорлығына алған.