Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды

0
535

Марқұмның қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады stan.kz.

25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-ға Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ПБ СДТБТ-де тіркелді.

Марқұмның қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

"Қазіргі уақытта жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда", – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.