Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген

0
624

Әйелдің кінәсі дәлелденіп, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген

ERNUR.KZ. Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген, деп жазады Orda.kz.

Алматы облысы Ішкі істер депатаментінің мәлімдеуінше, полиция бұл туралы әйелдің ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау кезінде білген. Тәртіп сақшылары әйелдің баланы үшінші тұлғаларға беруге тырысқанын анықтады.

«Тексеру кезінде әйелдің перзентханадан шығарылғаннан кейін заңсыз түрде баланы рұқсатсыз бергені анықталды», – деді полиция.

Белгілі болғандай, келіншек бұрындары ауруханадан шыға сала баланы Қазақстаннан шығаруға рұқсат етіп, белгісіз әйелге сенімхат берген.

«Күдіктіге қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат К. -ны кінәлі деп таныды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Келіншектің басқа балалары 14 жасқа толғаннан кейін жаза күшіне енеді.

Қазақстанда Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алғашқы тіркеуге қойылады. Олар туралы ақпарат жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алғашқы тіркеу реестрінде тіркеледі, содан кейін баланы патронаттық тәрбиеге берудің белгілі бір тәртібі жүргізіледі.