Алматы облысында бір жасар бала автобус астына түсіп көз жұмды

0
827

Шағын автобус рөлінде 69 жастағы ер адам отырған.


Алматы облысында бір жасар бала автобус астына түсіп көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында қайғылы оқиға болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Шамалған ауылының тұрғыны үлкен ұлын балаларды балабақшаға таситын автобусқа алып келген. Кіші баласы осы уақытта әйелдің жанында, бірақ шағын автобусқа тым жақын тұрған. Автобус қозғалған кезде бала доңғалақ астына түсіп қаза болды.
"Шағын автобус рөлінде 69 жастағы ер адам отырған. Ол балаларды балабақшаға тасумен айналысқан", - деді полиция департаментіндегілер.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының үшінші бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды.