7 қыркүйекте басталған "Браконьер" алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – браконьерлікті болдырмау.
ERNUR.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзудың 75 дерегін анықтады. Оның 18 дегері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп жазады Zakon.kz.
"7 қыркүйекте басталған "Браконьер" алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, браконьерлікті болдырмау. 12 күн ішінде заңсыз аң аулаумен айналысқан 3 тұлғаға, балық аулаған 2 тұлғаға және кесуге тыйым салынған ағаштарды кескен 13 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, 57 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды", - деді Алматы облысы ПД Табиғат қорғау инспекторы Бағлан Рымжанов.